Біздің Instagram
Мектеп өмірінен жаңа сәттер — күн сайын Instagram-да

11 ші ақпан күні Мектебімізде 6–11 сынып оқушылары арасында үстел тенисінен тартысты жарыс ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің шапшаңдығы мен шеберлігін көрсетіп, спорттық рух пен достықты дәріптеді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! 👏🥇

“Ұлы дала ойындары” 🇰🇿 Мектебімізде ұлттық рухты дәріптеген тағылымды эстафета өтті. Аталған шараға 6–11 сынып оқушылары белсене қатысып, қазақтың ұлттық ойындары – асық ату, ләңгі тебу, садақ ату бойынша өзара бақ сынасты. Шапшаңдық, мергендік пен ептілік сыналған бұл сайыс оқушыларға көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған осындай игі шаралар жалғасын таба берсін! ✨

Ресей жерінде Свердловск облысы Ревда қаласында өткен КИОКУСИНКАЙ турнирінің XV кубогінің жеңімпазы атанып 8/а сынып оқушысы Барлыбай Азат I - орын иеленді. 🏆

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША 9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Орыс тілі пәні бойынша ІІІ орын - 9 «а» сынып оқушысы Сағат Мадина Жетекшісі: Ажгалиева Нурлы Мендибековна.

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША 9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Ағылшын тілі пәні бойынша ІІІ орын - 11 «а» сынып оқушысы Серік Аяулым Жетекшісі: Шахабаева Мариям Кушкалиевна

27-ші желтоқсанда 2025 ж. Орал қаласында өткен Шинкиокушинкай каратэсінен Батыс Қазақстан облысы чемпионатынан Ақпараттық технолгиялар лицей мектебінің 8/а сынып оқушысы Барлыбай Азат 1-ші орынға ие болды.Құтты болсын! 👍👍👍👍💐💐💐Әрдайым қанаты талмай ,биіктен көріне берсін!

Мектебімізде «Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында жасөспірімдердің психоэмоционалдық жағдайы, қауіп факторлары, ерте алдын алу жолдары және ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, мамандар ата-аналарға балалармен тиімді қарым-қатынас орнату, қолдау көрсету және қиын жағдайларда дер кезінде көмекке жүгінудің маңыздылығы жөнінде пайдалы кеңестер берді. 🔹 Мұндай кездесулер балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық саулығын қамтамасыз етуге бағытталған.

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: 📕 Физика пәні бойынша III орын – 8 “Б” сынып оқушысы Панкратов Вячеслав Жетекшісі: Мейрамгүл Маноковна

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 📕 Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша II орын – 7 “А” сынып оқушысы Ермек Алуа Жетекшісі: Нурлы Мендибековна

Бүгін біз Стамбул қаласында өткен халықаралық өнер байқауында домбыра аспабында үздік өнер көрсетіп, І орын иеленген мектебіміздің 8 «А» сынып оқушысы Үмбетқали СұлтанБейбарысты зор қуанышпен күтіп алдық! 🇰🇿🎶 Бұл жеңіс СұлтанБейбарыстың үлкен еңбек пен талантының нәтижесі! Оқушымыздың бұл жетістігі – ұлттық өнеріміздің қадірін шет ел сахнасында танытқан үлкен мақтаныш. Ұлттық өнерімізді шет елде дәріптеп, мектеп абыройын асқақтатқан жас талантқа шығармашылық табыс тілейміз! Мақтан етеміз! 💫

💛 Туған жер, туған ел — мәңгі жүректе! Республика күніне арналған ашық сабақ 🇰🇿

✨ Ақпараттық технологиялар лицей-мектебінде Ұстаздар күні аталып өтті! ✨🌸 Ұстаз – болашақтың бағбаны, шәкірт жүрегіне нұр құятын шамшырақ. Қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтетін кәсіби мерекеге орай мектебімізде ұстаздарға арналған мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. 🎶📚 Іс-шара барысында оқушылар ұстаздарына деген ыстық ықыласын ән-жырмен, биімен, жүрекжарды тілектерімен жеткізді. Шара ерекше көңіл-күй сыйлап, ұстаздар қауымына құрмет пен алғыс сезімін паш етті. 💐 Барлық ұстаздарымызға қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шәкірт тәрбиелеудегі еңбектеріңізге табыс тілейміз. 🌟 Ұстаздар күні құтты болсын!