Лицей шәкірттерінің кодексі

Лицейдің негізгі қағидалары, оқушының құқықтары мен міндеттері, дәстүрлері мен өмір салты

01

Кіріспе

Лицей оқушысы – өмір бойы үздіксіз өзін-өзі жетілдіретін, кез-келген нәрседе озық болуға ұмтылатын, салауатты өмір салтын ұстанатын, адамдармен бейбітшілік пен достық қарым-қатынаста болатын адам.

Ол өзінің барлық әрекеттері мен істерінде Ар-намыс кодексін басшылыққа алады.

02

Оқушы кодексі

НУО «АТ мектеп-лицейі» (ITSchool) оқушысы мынадай негізгі принциптерді ұстанады:

Жеке қасиеттер

  • Өз сөзі мен ісіне жауап береді
  • Жалған сөйлемейді
  • Ойын ашық айтады
  • Өзіндік көзқарасты еркін білдіреді

Қоғамдық қасиеттер

  • Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетеді
  • Достық қарым-қатынасты сақтайды
  • Ұжым өміріне белсенді араласады
  • Елін, жерін және дәстүрін сүйеді
03

Құқықтары мен міндеттері

Лицей оқушысы мынадай құқықтар мен міндеттерге ие:

Өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және сайлануға құқылы

Жарғы мен ішкі ережелерді сақтайды

Ескі дәстүрлерді құрметтейді, жаңа дәстүрлерді қалыптастырады

Берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарайды

Лицейдің абыройын арттыруға атсалысады

Жоғары талғам мен мәдениеттіліктің үлгісін көрсетеді

04

Ар-намыс кодексі

Лицей оқушысы өзінің барлық әрекеттері мен істерінде мынадай негіздерді ұстанады:

Адалдық

Жалған сөйлемейді, әділ көзқарасты қалыптастырады

Құрмет

Өз-өзіне, жолдастарына және ұстаздарына құрметпен қарайды

Патриотизм

Елін, жерін және дәстүрін шын жүректен сүйеді

05

Лицей оқушысы болу – зор мәртебе!

Осы Кодекс оқушы лицейге түскен сәттен бастап бүкіл оқу кезеңінде қолданылады.

Үздіксіз өсу

Өмір бойы өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу

Озықтық

Кез-келген нәрседе үздік болуға ұмтылу

Салауатты өмір

Дұрыс өмір салтын ұстану

Бейбітшілік

Адамдармен достық қарым-қатынаста болу